Маңғыстауда МАЭК жұмысшылары ереуілдетіп жатыр

Талаптары — жалақыны өсіру, еңбек жағдайын жақсарту


09/02/2022
12:16 36840 0

Фото: azattyq.org

 

Ақтаудағы «Маңғыстау атом энергетика комбинаты (МАЭК) — Қазатомөнеркәсіптің» мыңға жуық жұмысшысы екі күннен бері ереуілдетіп жатыр дейді «Азаттық радиосы». 

 

Қызметкерлер басшылығынан жалақыны 50–70 % өсіруді, жұмыс орнындағы жағдайды жақсартуды талап еткен. Айтуынша, айына 90–120 мың теңге алады екен. 

 

Жұмысшылардың тағы бір талабы — белсенді ереуілшілерге қысым көрсетпеу.  

 

— МАЭК басшылығы жалақымыз 30 % көтерілетіні жазылған өткен күнмен шыққан бұйрықты әкеліп, қорқытып қол қойдыртуға тырысып жатыр, — дейді наразылардың бірі Жеміс Бекжанова. 

Қызметкерлер ереуілге шықса да, жұмысын тоқтатпаған. Кезектесіп, наразылық білдіріп жүр. 

Оларға 7 ақпанда энергетиканың вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, МАЭК бас директорының орынбасарлары Мұрат Игалиев пен Руслан Бектемір келген. 

МАЭК басшылығы жалақаны екі есе көтере алмайтынын, көтерсе, тариф өсетінін айтқан. Жұмысшылар тариф онсыз да 400 есе артты дейді. 

Поделиться

Нет комментариев.

09/02/2022 12:16
36840 0

Уведомление